Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді

15 қараша, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Ташкентке мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және дәстүрлі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі дамыту перспективасын егжей-тегжейлі талқылады.

Президенттер сауда, өнеркәсіп кооперациясы, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары секілді басым бағыттардағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты нығайту мәселелерін қарастырды.

Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
 

Тэгтер:

тоқаев Шавкат Мирзиёев Ташкент