UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов жаңа салмақ дәрежесінің чемпионы Ислам Махачевке үндеу жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Шавкат Рахмонов өз үндеуін X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
«Исламды тамаша өнер көрсетуімен құттықтаймын. Бірақ 170 фунтқа (77 кг) дейінгі салмақтағы нағыз мықты — бәрібір менмін», — деп жазды қазақстандық файтер.
Ислам Махачев жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанып, австралиялық Джек Делла Маддаленаны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.