Мексикада мэрдің өлімінен кейін жаппай наразылық өтіп жатыр

Бүгін, 12:55 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Полициямен қақтығыс кезінде кемінде 120 адам зардап шекті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мехикода бірнеше мың адам үкіметтің әрекетіне қарсы митингіге шықты. Наразылықтың басты себептерінің бірі – 1 қарашада картельдерге қарсы күресуге шақырған мэр Карлос Мансоның өлтірілуі. 

Наразылыққа шыққандар «Біз бәріміз Карлос Манзамыз» деген баннерлер ұстап, кейбірі оны құрметтеу үшін ковбой қалпағын киген. Адамдар «Шейнбаум — наркопрезидент» және «Карлос өлген жоқ. Оны үкімет өлтірді» деп ұрандады. Generation Z Mexico тобы «манифест» жариялап, өздерін зорлық-зомбылықтан, жемқорлықтан және билікті асыра пайдаланудан шаршаған, ешбір партияға жатпайтын мексикалық жастар деп атады. Кейін бұл наразылықты оппозициялық партиялардың егде жақтастары да қолдады.

Наразылар президент Клаудия Шейнбаум тұратын Ұлттық сарайдың қоршауының жанына жиналды. Полиция көз жасаурататын газ қолданды. Күштік құрылымдармен қақтығыс басталды. Мексика құқық қорғау органдарының мәліметінше, кемінде 120 адам жараланған, олардың 100-і — полиция қызметкерлері. Елдің қауіпсіздік қызметінің басшысы митингіден кейін 20 адамның ұсталғанын, оларды тонау және полицияға шабуыл жасау бойынша айыптап отырғанын айтты.

Мехико мэрі Клара Бругада «радикалды топтың» кез келген әрекетін айыптады. Ал Мексика үкіметі сенбі күнгі наразылықтарды негізінен оңшыл саяси қарсыластар ұйымдастырғанын және оны әлеуметтік желілердегі боттар күшейткенін мәлімдеді.
 

Тэгтер:

наразылық есірткі Мексика мэр өлімі