Қырғызстанның Манас қаласында бір жігіт ауыр жарақаттармен Жалал-Абад облыстық ауруханасына жеткізілді. Оның тілінің ұшы мен төменгі ернінің бір бөлігі жоқ болып шықты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның тілінде соққыға немесе ұрып-соғуға тән көгерулер байқалмаған. Жараланған жігіт ауруханаға өзі келген. Кейін белгілі болғандай, жарақаттарды 18 жастағы қыз салған. Оның айтуынша, жігітті ол сүйісу кезінде байқамай тістеп алған.
Бас және жақ-бет хирургия бөлімінің меңгерушісі Алмаз Абдылдаевтың мәліметінше, жігіт қабылдау бөліміне ауыз қуысынан қатты қан кетіп түскен. Дәрігерлер жұлынған жерлерді шұғыл түрде тігіп берген. Мамандардың қорытындысы бойынша, тілдің шамамен 30%-ы және төменгі еріннің 40%-ы жұлынып кеткен.
"Мұндай жағдай қатты тістеу кезінде немесе басқа да себептерден болуы мүмкін. Дәл қалай болғанын және шағу қай тұста жасалғанын тиісті органдар анықтайды… Науқастың жағдайы тұрақты, ол сөйлей алады және тамақ қабылдап жатыр", – деді дәрігер.