Бүгін еліміздің басым бөлігінде туман күтіледі

Бүгін, 08:07 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

«Қазгидромет» мәліметінше, дүйсенбі күні Қазақстанның көп бөлігінде қалың тұман күтіледі. Солтүстік өңірлерде жаңбыр, қар жауып, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оңтүстік пен шығыста құрғақ ауа райы сақталады. Республикамыз бойынша синоптиктер желдің күшеюін, көктайғақты болжайды. 14 өңірде дауылдық ескерту жарияланған.

▪️ Астанада — бұлтты ауыспалы, жауын-шашын жоқ, тұман. Түнде 0…–2 °C, күндіз +3…+5 °C.
▪️ Алматыда — ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +3…+5 °C, күндіз +10…+15 °C.
▪️ Шымкентте — бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Түнде +7…+9 °C, күндіз +21…+23 °C.
 

Тэгтер:

ауа райы жаңбыр жел туман