Қазақ эстрадасының әйгілі әншісі, халық әртісі Мақпал Жүнісова өзінің зейнеткер атанғанын және қандай мөлшерде зейнетақы алып отырғанын сахнада көпшілікке жария етті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Әнші бұл жаңалығын соңғы концертінде тыңдармандарына өзі жеткізді.
"Анам 47 жасында жесір қалды. Зәкең қайтыс болғанда маған: "Енді күйеуге шығамын деп ойлама, қызды өсір. Сен өлмейсің" деді. Бұл сөз әлі күнге дейін есімде. Жас күнімде тұрмысқа шығуыма да болар еді, бірақ уақыт сондай болып кетті. Қазір 62 жастамын. Зейнеткермін. 210 мың теңге зейнетақы аламын. Үкіметтің 45 жыл сахнада еңбек еткен халық әртісіне бергені – осы. Оның өзін күзетшіге төлеймін. Қалған күнкөріс үшін тойларға шығамын", – деді Мақпал Жүнісова.