«Қазгидромет» РГП қысқа арналған консультативтік болжамын жариялап, ел тұрғындарын 2026 жылдың көктемінде мол жауын-шашын салдарынан су тасқыны болуы мүмкін деп ескертті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Болжамға сәйкес, республиканың көп бөлігінде қыс қалыпты жылы болып, жауын-шашын мөлшері климаттық норма шегінде болады.
Алайда кейбір кезеңдерде қарлы борандар, жел, мұздың қатуы, тұман және қарлы жаңбырдың түсуі мүмкін. Қыс бойы ауа температурасының «серпілістері» күтіледі.
Желтоқсан жылы болады, жауын-шашын мөлшері орташа, көбінесе қар түрінде жауады, боран мен штормды жел, мұздың қатуы, тұман байқалуы мүмкін. Оңтүстік циклондардың әсерімен кейбір күндері жаңбыр мен ылғалды қар аралас жауын-шашын түсуі ықтимал.
Қаңтарда жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан аспайды.
Ақпан мен наурыз айлары жылы болады деп күтілуде, жауын-шашын мөлшері орташа, тек наурызда республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінің таулы және тау етегіндегі аймақтарында көбірек жауын-шашын түсуі мүмкін.
Синоптиктер ерекше назар аудартқан жайт: мол жауын-шашынның түсуі және ауа температурасының жиі ауысуы салдарынан топырақ пен қар қаптамасында мұз қабаты пайда болады. Бұл 2026 жылдың су тасқыны кезеңінің өтуіне теріс әсер етуі мүмкін.
Бұған дейін синоптиктер қараша айынан наурызға дейінгі ауа райы болжамын жариялаған еді. Сол болжам бойынша, қараша айы бұл жылы қарлы әрі суық болады; оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде ай бойы жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, ал солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде боран, жел, мұздық қату және тұман болады.