Космоста қалып қойған қытай ғарышкерлері Жерге аман-есен оралды. "Шэньчжоу-20" кемесінің экипаж мүшелері – Чэнь Дун, Чэнь Чжунжуй және Ван Цзе – "Шэньчжоу-21" қайту капсуласынан сыртқа шықты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қытайдың Пилотталған ғарыш бағдарламасы басқармасының (CMSA) мәліметінше, ғарышкерлер 204 күн орбитада болған, олардың денсаулық жағдайы жақсы деп бағалануда.
Экипаж командирі Чэнь Дун Бейжің уақытымен жұма күні 17:21-де қонған капсуладан бірінші болып шықты. Ол – жалпы орбитада болу уақыты 400 күннен асқан алғашқы қытайлық ғарышкер.
Еске сала кетсек, экипаждың Жерге оралуы бұған дейін 5 қарашаға жоспарланған еді, алайда ғарыштық қоқыс соққысы болуы мүмкін деген қауіпке байланысты миссия кейінге шегерілген.
Бұған дейін ақпарат құралдары ғарышкерлердің орбитада 200 күннен астам уақыт отырғанын хабарлаған еді.