Қазақстан арқылы атлантикалық циклон өтіп жатыр. Солтүстікте синоптиктер қарлы соқпа боран мен көктайғақ болатынын болжайды, ал оңтүстікте — жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі. Шығыста түнде ауа температурасы нөлден төмен түседі.
• Астанада күндіз +5…+7 °C, түнде –1…–3 °C. Желдің жылдамдығы — 3–8 м/с.
• Алматыда күндіз +12…+14 °C, түнде +4…+6 °C. Желдің жылдамдығы — 3–8 м/с.
• Шымкентте күндіз +19…+21 °C, түнде +4…+6 °C. Желдің жылдамдығы — 3–8 м/с.