Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Алғабастағы қайғылы оқиғаның жай-жапсарын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Түркістан облысының Жетісай ауданындағы өрт 12 адамның өмірін қиды, олардың ішінде — тоғыз бала бар.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева оқиғаның егжей-тегжейін бөлісті.
«Үйде екі отбасы — ата-аналар мен балалар болған. Үй өртеніп, шатыр опырылып түсті», — деп жазды ол инстаграмдағы стористе.
Өңірлік омбудсмен және психологиялық қолдау орталығының өкілдері оқиға орнына барған.
Өңірдің полиция департаменті «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.