Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан бірнеше адам, соның ішінде балалар қаза тапты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаға байланысты зардап шеккендердің отбасыларына терең көңіл айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Президент Үкімет пен Түркістан облысының әкімдігіне барлық қажетті көмек көрсету, сондай-ақ өрттің себептерін жан-жақты тексеруді тапсырды.
Апат орнында облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, психологиялық көмек көрсету орталығының мамандары жұмыс істеп жатыр. Қазіргі кезде сот-медициналық және тергеу әрекеттері жүргізілуде, ҚР Қылмыстық кодексінің «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша іс қозғалды.