"Қызымды бермес бұрын күйеу баламмен сөйлестім": Досымжан Таңатаров ел естімеген әңгімесін айтты (ВИДЕО)

Бүгін, 17:38 / Arasha.kz
әлеуметтік желіден. Суретте: Досымжан Таңатаров

Эстрада әншісі Досымжан Таңатаров қызының тұрмысқа шығатынын білген кездегі алғашқы реакциясын және болашақ күйеу баласымен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол қызы айтқан бойда жігіттің телефон нөмірін өз бетімен тауып, арнайы шақырып, еркекше отырып сөйлескен.

"Қызым тұрмысқа шығатынын айтқан соң, алдымен жігітті іздеп таптым. Телефон нөмірін тауып, өзім шақырып, жеке әңгімелестім. Өзі маған ұқсайды екен. Келгеннен кейін оған: "Далада жатқан адам жоқ, сен де ерігіп жүрген жоқсың. Бар мәселені ашық айтайық. Менің қызым сен ойлағандай тым идеал емес, өзіне жетерлік еркелігі бар. Соның бәріне шыдай аласың ба? Азамат ретінде жауапкершілік алып, ие бола аласың ба?" – деп турасын айттым. Осылайша бір жарым сағат сөйлестік. Жігіттің мінезі көңілімнен шықты. Кейін бұл туралы қызымның өзіне де айттым", – деді Досымжан Таңатаров.

Тэгтер:

әнші Досымжан Таңатаров