Ұлттық спорттың дамуы ‒ ұлт бірегейлігі

27 қазан, 2025 / Arasha.kz
Фото: ашық дереккөзден алынды

Тарихы мен мәдениеті бай қазақ елінде ұлттық спорт түрлерінің де сан-алуан түрі бар. Еліміз қазіргі уақытта ұлттық спортты дамытуда тұрықты жұмыс істеп келеді. Бәйге, жекпе-жек, қазақ күресі, көкпар, дәстүрлі садақ ату, құсбегілік сияқты спорт түрлерінен тұрақты түрде елімізде жарыстар өткізіліп тұрады. Олар аймақтық, республикалық және халықаралық деңгейлерде ұйымдастырылады.

Былтыр Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дүркіреп өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен ұлттық ойынымызды тамашалауға қызығушы көрермендер келді және көшпенді халықтың ойындарына жаны сүйетін спортшылар келді. Бұл еліміздің ұлттық спорттың дамуына қосып жатқан үлесі.

Ұлттық спортты дамыту мемлекеттік бағдарламаларда қарастырылған. Қазақстан Республикасы Үкіметі 2023 жылы бекіткен Дене шынықтыру мен спорт саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында маңызды бағыттардың бірі ‒ Ұлттық спорт түрлерін дамыту. Сонымен қатар "Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы сияқты бағдарламаларда қарастырылған. 

Тэгтер:

спорт көшпенділер ұлттық спорт