Қаржы реттеуші несие беру тәртібі қалай өзгеретінін түсіндірді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова бизнеске несие беруді қолдап, шамадан тыс өсіп кеткен тұтынушылық қарыздар нарығын тежеуге бағытталған шараларды таныстырды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Корпоративтік кредиттеудің 44%-ын ШОБ, 36%-ын ірі бизнес, 20%-ын жеке кәсіпкерлер алады.
Агенттік, Ұлттық банк және Үкімет соңғы екі жылда бірнеше «ынталандыру пакеттерін» қабылдады. Олардың қатарында капитал мен өтімділік талаптарын жеңілдету бар.
Ұлттық банк шекті жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін төмендетті.
2026–2028 жылдарға жоспар:
Бизнеске көбірек несие беру.
Ипотека бойынша жаңа формула енгізу.
Қарыз жүктемесіне бақылау қатаңдайды.
Қарыздарды коллекторларға сатуға мораторий ұзартылмақ.
Соттан тыс банкроттық рәсімі жеңілдетіледі.
«Бұл шаралар банктердің ресурсын бизнес-несиелеуге бағыттауға, тұтынушылық кредиттің өсуін тежеуге ықпал етеді. Нәтижесінде қаржылық тұрақтылық нығайып, азаматтардың мүддесі қорғалады», — деді Әбілқасымова.