Украина ATACMS тактикалық зымыран кешенін қолданды

19 қараша, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Украин Қарулы күштерінің Бас штабы АҚШ компаниясы Lockheed Martin Corporation өндірген ATACMS тактикалық зымыран кешендерін тікелей Ресей аумағына соққы жасау үшін қолданғанын хабарлады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы Бас штабтың Telegram-арнасында жарияланған хабарламада айтылған.

«ҚҚК әскери нысандарға дәл бағытталған соққы жасау үшін ATACMS тактикалық зымыран кешендерін сәтті қолданды. Бұл оқиға Украина өз тәуелсіздігіне берік екенін көрсететін маңызды жағдай болып табылады», – деп атап көрсетілген жарияланымда.

Бас штаб мәліметінше, ATACMS сияқты ұзақ қашықтыққа арналған соққы құралдарын қолдану жалғасады.
 

Тэгтер:

украина соғыс ATACMS