Украина Жоғарғы Радасы жемқорлық дауы салдарынан жұмысын тоқтатты

20 қараша, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Украина Жоғарғы Радасының спикері Руслан Стефанчук жемқорлық дауына байланысты парламент жұмысының тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы ол пленарлық отырыс кезінде мәлімдеді, деп жазады «Страна.ua» Telegram-арнасында.

«Қазір қалыптасқан жағдайға байланысты кеңес режиміне көшеміз. Келесі отырыс жайлы қосымша хабарлаймыз», – деді спикер.

Стефанчук парламенттік фракциялар өкілдерінен құралған кеңестің қорытындысы бойынша Рада отырыстарының тоқтатылғанын жариялады. 19 қарашадағы пленарлық отырыста белгісіз мерзімге үзіліс енгізілгенін айтты.

10 қарашада Украина Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы (НАБУ) энергетика саласындағы жемқорлыққа қатысты ауқымды арнайы операция жүргізілгенін мәлімдеген. Ведомство мәліметінше, тергеу бір жарым жылға созылған, бюро қызметкерлері шамамен мыңға жуық аудиожазба жинаған. Негізгі күдіктілердің бірі – кәсіпкер Тимур Миндич.

Парламент жұмысының «тоқтауы» көбіне саяси айсбергтің ұшын ғана көрсетеді, ал астында қандай күштердің қозғалып жатқанын кейінгі ақпарат айқындайды.
 

Тэгтер:

украина жемқорлық Жоғарғы Рада