Алматы облысының полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасы, жедел тергеу тобы және прокуратураның сотқа дейінгі тергеу басқармасы Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған атыс қаруын анықтады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Табылған қару Жетісу ауданы, Жансүгіров көшесі бойындағы Үлкен Алматы каналы маңындағы бос ғимараттан алынды. Сараптама нәтижесінде ол тегіс ұңғылы 12 калибрлі атыс қаруының жоғалған қару екені расталды.
Атыс қаруы 2022 жылы қаңтарда Алматыдағы Сейфуллин көшесіндегі «Оружейник» дүкенінен ұрланған болатын. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қылмысты ашудағы жетістіктері мен тұрғындарды құқық бұзушылықтардан сақ болуға шақырады.