Зеленскиге Трамптың бейбіт жоспары тапсырылды

Бүгін, 09:02 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Украина президенті АҚШ тарапынан дипломатияны жандандыруы мүмкін деп бағаланған жоспар жобасын ресми түрде алды. Бұл туралы Зеленский офисінің Telegram-арнасындағы хабарламасында айтылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Хабарламада Украина президенті халқы үшін маңызды негізгі қағидаларды айқындап бергені және бүгінгі кездесудің қорытындысы бойынша жоспардың тармақтарын соғысты лайықты түрде аяқтауға мүмкіндік беретіндей пысықтап жұмыс істеуге уағдаласқаны көрсетілді.

«Украина Ресей басқыншылығының алғашқы секундтарынан бастап бейбітшілікке ұмтылып келеді және нағыз бейбітшілікке жақындата алатын барлық мазмұнды ұсыныстарды қолдайды. Украина осы жылдың басынан бері қан төгуді тоқтату үшін Президент Трамптың ұсыныстарын қолдап келді. Біз қазір де америкалық тараппен, сондай-ақ Еуропа мен әлемдегі серіктестерімізбен нәтижесі бейбітшілік болатындай конструктивті жұмыс істеуге дайынбыз», — делінген хабарламада.

Зеленский офисі хабарлағандай, Украина президенті алдағы күндері президент Трамппен қолда бар дипломатиялық мүмкіндіктер мен бейбітшілікке қажет негізгі тармақтарды талқылауға үміттеніп отыр.
 

Тэгтер:

Трамп Зеленский Бейбіт жоспар