Иран су тапшылығына байланысты астанасын көшірмек

21 қараша, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Тегеран халық санының шамадан тыс өсуі мен су дағдарысына төтеп бере алмай отыр. Президент Масуд Пезешкианның айтуынша, «Иранның басқа амалы қалмаған», деп хабарлайды Arasha.kz.

Iranintl.com сайты жазғандай, қала жылына шамамен 30 сантиметрге дейін шөгіп барады, ал су ресурстары жылдам таусылуда. Осыған байланысты билік астананы елдің оңтүстігіндегі Макран өңіріне — Оман шығанағы жағалауындағы Чабахар портына көшіру идеясын қайта қарауда.

Алайда бұл жобаны іске асыру қиын: Макран аймағының инфрақұрылымы дамымаған, ал Иран экономикасы дағдарыс пен санкциялар қысымында тұр. Осы себепті астананы көшіру туралы бастама ондаған жыл бойы талқыланып келеді, бірақ жоғары шығындар мен билік ішіндегі келіспеушіліктер жобаны іске асыруға мүмкіндік бермейді.
 

Тэгтер:

Иран Тегеран су тапшылығы