"Дубайда істейді": Сәкен Майғазиевтің келіні кім болып жұмыс істейді?

21 қараша, 2025 / Arasha.kz
Stan.kz. Суретте: Сәкен Майғазиев, келіні Әдия, ұлы Әділет

Instagram-да жеке бренд тұрғысынан контент әзірлейтін блогер Динара Мырзажанқызы танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Әдияның немен айналысатынын анықтап, парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Динараның айтуынша, Әдия сән индустриясына бет бұрып, бүгінде Дубайдан әкелінетін абайка стиліндегі киімдерді Қазақстанда сатумен айналысады.

"Жақында Сәкен Майғазиев дүркіретіп үлкен ұлының тойын жасады, баласын үйлендірді. Баласы Әділет 27 жаста болса, келіні Әдия 20 жаста. Ол Ақтаудың тумасы, Жаңаөзеннің қызы. Енді Әдия кім болып жұмыс жасайды екен? Оның парақшасына кірген кезде эстетиканы, сұлулықты, нәзіктікті, пост салуды жақсы көретінін байқадым. Ал жұмысына келетін болсақ, ол Дубайдан абайка киімдер сатып алып, Қазақстанға келіп сатады", – деп жазды Динара Мырзажанқызы.

Жазба соңында Динара Мырзажанқызы келіннің жеке және жұмыс парақшасына сараптама жасап, қысқаша шолу ұсынған. Оның бұл жазбасы жеке бренд қалыптастыруға арналған контентінің бір бөлігі ретінде жарияланғаны байқалады.

Тэгтер:

сәкен майғазиев