Геннадий Головкин World Boxing ұйымының жаңа президенті болады

22 қараша, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: olympic.kz

Халықаралық World Boxing ұйымы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2025 жылдың 23 қарашасында Римде өтетін конгрессте ұйым президенті қызметіне бекітілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тәуелсіз біліктілік комиссиясының тексерісінен кейін Геннадий Головкин ұйым басшысы лауазымына жалғыз кандидат болып қалды. Жарғыға сәйкес, бұл қызметке бір ғана үміткер ұсынылса, оның бекітілуі аккламация арқылы – делегаттардың бірауыздан қолдауы арқылы жүзеге асады.

World Boxing ұйымы 2023 жылғы сәуірде боксты олимпиадалық қозғалыста сақтап қалу үшін құрылды. 2025 жылдың ақпанында ұйым Халықаралық олимпиада комитетінен уақытша тану алды және әлемдік олимпиадалық бокстың басқару жүйесін қалыптастыруды жалғастырып жатыр.

Геннадий Головкин – қазақстандық кәсіби боксшы, тарихтағы ең атақты орта салмақ чемпиондарының бірі. 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда дүниеге келген. Афина-2004 Олимпиадасының күміс жүлдегері, кәсіби бокста WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша бірнеше мәрте әлем чемпионы атанған.
 

Тэгтер:

бокс президент Геннадий Головкин World Boxing