Астанада құрылысшылар бесінші қабаттан құлап кетті

23 қараша, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Астанада бесінші қабаттан жұмысшылардың құлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Бесінші қабаттың биігінен жұмысшылардың құлау дерегі бойынша қауіпсіздік ережелерін бұзу белгілерімен қылмыстық іс қозғалды», – деп мәлімдеді Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Үш ер адам құрылыс люлькасының құлауынан жарақат алып, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Тэгтер:

Астана құрылысшылар құлады