Халықтың тауып жүрген табысынан гөрі шығыны қатты көбейіп бара жатыр

23 қараша, 2025 / Ахмет Қанатұлы
depositphotos.com

Ұлттық банктің төраға орынбасары Виталий Тутушкин халықтың қарыздық жүктемесі мен тұтыну динамикасына қатысты маңызды деректерді жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, еліміздегі барлық бірегей қарыз алушылардың шамамен 49%-ы төрт және одан да көп несиеге ие. Бұл көрсеткішке қарамастан, халықаралық стандарт бойынша қазақстандықтардың жалпы қарыз жүктемесі әлі де төмен деңгейде.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 1 тамыздағы жағдайға сәйкес Қазақстанда 7,71 млн бірегей қарыз алушы тіркелген. Олардың:

Бұл статистика елдегі тұтыну шығыны халықтың нақты табысынан айтарлықтай озып кеткенін көрсетеді.

Тутушкиннің айтуынша, соңғы 10 жылда халықтың нақты табысы 30,3% ғана өссе, үй шаруашылықтарының тұтынуы 91%-ға артқан – яғни тұтыну табыс өсімінен үш есе жылдам. Мұндай айырмашылықтың негізгі себебі – тұтынушылық несиелеудің күрт ұлғаюы, ол он жылда нақты мәнінде 3,7 есеге өскен.

Соған қарамастан, қазақстандықтардың қарыз жүктемесі әлемдік көрсеткіштермен салыстырғанда төмен болып отыр.

"Жеке тұлғалардың банктік қарызының ІЖӨ-ге қатынасы бар болғаны 15%. Банктік емес несиелерді қоссақ – шамамен 17% болады. Бұл халықаралық деңгеймен салыстырғанда аса жоғары емес, себебі кей елдерде бұл көрсеткіш 100%-ға дейін жетеді", – деді Ұлттық банк өкілі.

Тэгтер:

халық ақша шығын табыс Виталий Тутушкин