24 қарашадағы ауа райы болжамы

Бүгін, 08:09 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

Ауа райы әлі де құбылмалы. Бүгін елдің орталық өңірлерінде көктайғақ пен аздаған бұрқасын күтіледі. Қазақстанның 11 өңірінде синоптиктер тұман түсетінін болжайды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, Ақмола облысында, Абай облысында және ШҚО-да жаңбыр, қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын және секундына 23–28 метрге дейін жететін жел күтіледі.

Солтүстік Қазақстанда, Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман және секундына 23 метрге дейін жел болады.

▪️ Астана: күндіз +1…+3 °C, жаңбыр, қар, көктайғақ, тұман. Түнде –3…–5 °C, тұман. Желдің жылдамдығы — 9–14 м/с.

▪️ Алматы: күндіз +11…+13 °C. Түнде +1…+3 °C, жаңбыр. Жел — 2–7 м/с.

▪️ Шымкент: күндіз +14…+16 °C, түнде +1…+3 °C. Жел — 3–8 м/с.
 

Тэгтер:

ауа райы тұман жаңбыр жел