Еуропа Украинамен бірлесіп, АҚШ ұсынған нұсқаны негізге ала отырып, бірақ бірқатар маңызды тармақтар бойынша одан өзгеше өз жоспарын әзірледі, деп хабарлайды Arasha.kz.
24 тармақтан тұратын еуропалық жоспар «Украинаны әлдеқайда көбірек қолдайды және соғыс барысында оның тартқан орасан зор шығындарын мойындайды».
Еуропа–Украина жоспарының негізгі тармақтары:
Соғыс тоқтағаннан кейін бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін арнайы шаралар енгізіледі.
Ресей мен Украина құрлықта, әуеде және теңізде оқ атуды тоқтатуға міндеттеледі.
Үшінші елдердің қатысуымен мониторинг жөніндегі келіссөздер дереу басталады.
АҚШ жетекшілік ететін Украина одақтастары спутниктер мен дрондар арқылы қашықтан бақылау жүргізеді.
Тараптар бұзушылықтар туралы есепті арнайы механизм арқылы жолдай алады.
Ресей үшінші елдердің бақылауымен барлық әкетілген украиналық балаларды қайтаруы тиіс.
«Барлығын бәріне» қағидаты бойынша тұтқындармен алмасу өтеді, Кремль барлық украиналық азаматтық тұтқындарды босатады.
Территориялық келіссөздер майдандағы қазіргі шепке негізделеді.
Соғыс аяқталған соң тараптар зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсетуді бірлесіп ұйымдастырады.
Украина егемендігі мойындалады, бейтарап мәртебе алынып тасталады.
Украина НАТО Жарғысының 5-бабына ұқсас заңды қауіпсіздік кепілдіктерін алады.
Украина Қарулы күштері мен қорғаныс өнеркәсібіне шектеулер қойылмайды.
Еуропалық елдер және басқа да мүдделі мемлекеттер қауіпсіздік кепілгерлері болады.
Украина өз аумағында одақтас күштерді орналастыру құқығына ие.
НАТО-ға кіру барлық мүшелердің келісімімен мүмкін.
Украина Еуропалық Одаққа кіреді.
Украина ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде қалады.
Кез келген аумақтық мәселелер атысты толық тоқтатқаннан кейін ғана талқыланады.
Ресей мен Украина аумақтық келісімдерді күшпен өзгертуге жол бермеуге міндеттеледі.
Украина Запорожье АЭС-і мен Каховка ГЭС-ін бақылауға қайта алады, Днепр арқылы еркін өту қамтамасыз етіледі, Кінбурн мойнағы бақылауға беріледі.
Украинаның экономикалық серіктестерімен ынтымақтастығына шектеу қойылмайды.
Украина өтемақы алады, оның ішінде Ресейдің бұғатталған активтері есебінен.
РФ-қа қарсы санкциялар тұрақты бейбітшілік орнағаннан кейін кезең-кезеңімен жеңілдеуі мүмкін, бірақ келісім бұзылса қайта енгізіледі.
ЕҚЫҰ-ға мүше барлық елдер Еуропадағы қауіпсіздік жөнінде келіссөз жүргізеді.
Еуропалық жоспардың АҚШ жоспарына қарағанда негізгі айырмашылықтары:
НАТО-ның кеңеймейтіндігі туралы талап алынып тасталды.
Украина Қарулы күштерінің саны 600 мың емес, 800 мың әскерге дейін ұлғайтылады.
Украинаның НАТО-ға кіру мүмкіндігі сақталады; Конституцияға қатысты шектеулер жоқ.
НАТО күштерінің Украинада бейбіт мақсатта орналасуына рұқсат беріледі.
АҚШ-тың Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері заңдық тұрғыдан нақты жазылады (НАТО Жарғысының 5-бабына ұқсас).
Украинадан алыс радиусқа ұшатын қарудан бас тарту талабы алып тасталды.
Украинаны қалпына келтіру серіктестер мен Ресейдің бұғатталған активтері есебінен жүргізіледі (АҚШ сценарийінен өзгеше).
Мониторинг тобына Украина мен еуропалық елдер кіреді, АҚШ пен Ресей емес.
«Нәсілшілдік, білім беру бағдарламалары, нацистік идеология» туралы АҚШ талаптары қабылданбайды; Украина ЕО талаптарына сай діни төзімділік пен тілдік азшылықтардың құқықтарын сақтайды.
Территориялық келіссөздер шеп бойынан басталады; Ресей аумақтарын мойындау талабы жоқ.
Украинадағы сайлау мерзімі бекітілмейді.
Ресей әскері үшін амнистия туралы талап қабылданбайды.