Қырғызстанда Алмазбек Атамбаевтың кіші ұлы қамауға алынды

Бүгін, 14:50 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Бішкекте Бірінші мамыр аудандық соты парламент сайлауынан кейін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікке ілінген бірнеше адамды қамауға алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қамалғандардың арасында – бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың кіші ұлы Қадырбек Атамбаев, сондай-ақ «Социал-демократтар» партиясының саясаткерлері мен бірнеше экс-шенеунік бар.

Тергеу нұсқасы бойынша, партия лидері Темірлан Сұлтанбеков, Қадырбек Атамбаев және бұрынғы депутат Кубанычбек Қадыров билікті күшпен басып алуды жоспарлаған. Қалғандарына жаппай тәртіпсіздік дайындады деген күдік тағылған – оған тонау, өртеу және қару қолдану әрекеттері де кіреді.

Бұл оқиға Орталық Азиядағы саяси динамиканың күрделілігін тағы бір мәрте көрсете түседі.

Тэгтер:

Қырғызстан қамау Алмазбек Атамбаев Қадырбек Атамбаев