24 қараша кешке, Алматы – Бішкек автожолының 65-шақырымында Audi мен Toyota көліктері соқтығысты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Audi көлігін жүргізген 23 жастағы азамат рөлге ие бола алмай, көлік қарсы жолаққа шығып кеткен.
Қайғылы оқиға бес адамның өмірін қиды — екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір зардап шегуші жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Бұдан бөлек, бес жолаушы түрлі жарақат алып, дәрігерлердің бақылауында жатыр.
«Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», — деді полиция өкілдері.