Ақтауда $300 млн-ға жаңа теңіз порты салынады

Бүгін, 11:01 / Қайсар Қалам
Сурет: ҚТЖ

Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту және транзиттік әлеуетті нығайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Маңғыстау облысында жаңа теңіз портын салу жоспарлануда. Стратегиялық серіктес ретінде қытайлық «Чжонъюн Интернешнл» компаниялар тобы шығып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, инвестициялық жобаның құны $300 млн-ға бағаланып отыр. Қазіргі уақытта инвестор компанияны өңірде тіркеп қойды, енді инвестициялық келісімге қол қою үшін құжаттар дайындап жатыр. 

«Жоба "Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа" жаңа халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға ықпал ететін болады. Оны жүзеге асыру жүктерді жеткізу мерзімін 7-15 күнге қысқартуға, көлік шығындарын 18-25% төмендетуге, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Нұрдәулет Қилыбай.
 

Тэгтер:

ақтау жаңа порт Нұрдәулет Қилыбай