Жас сарбаз ант қабылдау рәсімінде көз жанарынан айырылды

Бүгін, 15:38 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Жамбыл облысында әскери қызметкер көз жанарынан айырылды. Қайғылы жағдай жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімінде болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жәбірленушінің жақындары жауаптылар қабағы жарылған деп жылы жаппақшы деп жыларман. Ал қарашығы ағып кеткен Жақсылық Молдақұл басшылықтың бұйрығымен басына бөтелке жарғанын айтады. 

Информбюроның мәлімдеуінше, таулы-егерлік полкіне жас сарбаздарды салтанатты қабылдау шарасы сенбіде өткен. Жас жауынгерлерді жігерлендіру үшін оттан секіру, жекпе-жек шайқас және басына бөтелке сындыру сынды шоу ұйымдастырылған. Алайда сәтсіз соққыдан соң 24 жастағы азаматтың есеңгіреп қалғанын көруге болады. Сөйтсе еш дайындығы болмапты. 

«Ол жерде қауіпсіздік талабы бойынша бала қол қою керек. Мен кірейін деп жатырмын. Алдында бір-екі рет істегенмін деген сияқты. Бар ма білмейміз? Бала қол қойды ма? Қол қойған жоқ», - дейді, Ж.Молдақұлдың туысы Таңшолпан Айнабек.  

4 жылдан бері келісімшарт негізінде әскери қызметкер болған Жақсылық жанары ағып кеткенін өзі білмейді. Психологиялық соққы болмас үшін емделуге үміт бар деп жұбатып отыр. Ал дәрігерлер қарашығы жоқ көзді тігіп қойғанын айтады.

«Операцияның мақсаты бұл жерде пациенттің жаңағы ағып кеткен көзінің ішіндегі қабықшаларын жинап, тігіп, көзін мүше түрінде сақтап қалу.  Оған қоса жарақат алған оң көзі сол көзіне әсер етпес үшін болашақта қазір үлкен ем жасалуда», - дейді Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Жансая Сыдықова.

Ал әскери бөлім басшылары бір көзінен айырылған азаматты әлі мүгедек қатарына қосу ерте дейді. Соңғы сараптама нақтыласа қажет көмек көрсетеміз деп отыр. 

«Мүгедек боп кетті деп айтуға мен ойлаймын әлі ерте. Өйткені медициналық сараптама әлі өткен жоқ. Ем әлі қабылданып жатыр.  Ол әскери қызметшіге біз барлық көмегін көрсетеміз», - дейді, 91/678 әскери бөлімнің командирі Бауыржан Есалы.

24 жастағы жігіттің жағдайына алаңдаулы анасы қорғаныс министрлігіне болған жайды құлақ қағыс еткісі келеді. Анығы жәрдем сұрайды.
 

Тэгтер:

әскер Жас сарбаз көзінен айырылды