«Қазгидромет» дерегіне сәйкес, сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Солтүстік және шығыс өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласады, жаяу бұрқасын болуы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ел аумағында синоптиктер қатты жел, тұман, көктайғақ болатынын болжайды. 15 өңірге дауылды ескерту жарияланды.
▪️ Астанада — ала бұлтты, жауын-шашын жоқ. Түнде +1…+3 °C, күндіз +4…+6 °C.
▪️ Алматыда — ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнгі температура +2…+4 °C, күндіз +14…+16 °C.
▪️ Шымкентте — бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Түнде –1…+3 °C, күндіз +16…+18 °C.