Жетісуда жер сілкінді

Бүгін, 08:19 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Сарыөзек ауылының тұрғындары жер асты дүмпулерін сезді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 160 шақырым солтүстік-шығыста, Қазақстан аумағында орналасқан.

Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, сейсмологтар жер сілкінісін 26 қараша күні Астана уақытымен 07:15-те тіркеді.

Есептік қарқындылығы — екі балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ.
 

Тэгтер:

Жетісу балл жерсілкінісі