Бакуде КСРО туын көшеде желбіреткендер ұсталды

Бүгін, 11:32 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Бакуде бұрынғы КСРО туымен шеру өткізуге тырысқан топ қолға түсті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы «Report» басылымына Ішкі істер министрлігі (ІІМ) хабарлаған.

Полицейлердің жедел шаралары нәтижесінде Абдулла Ибрагимли, Ибрагим Асадли және шеруге қатысқан басқа адамдар анықталып, ұсталғаны айтылды. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала тергеу көрсеткендей, бұл адамдар топ болып әрекет еткен, кеңсе жалдаған және басқа мемлекеттен қолдау мен қаржыландыру алған. Сондай-ақ олар кейде жиналыстар өткізгені анықталды.

Аталған адамдардың кеңсесі мен пәтерлерін тексеру кезінде коммунистік идеологияны насихаттайтын көптеген материалдар, ту, радикализмді насихаттайтын кітаптар, CD-дискілер және басқа электрондық құрылғылар табылып, тәркіленді.
 

Тэгтер:

полиция КСРО ту Баку