Соғыс тоқтай ма? Трамп өз адамдарын Ресей мен Украинаға келіссөзге жіберді

Бүгін, 11:58 / Ахмет Қанатұлы
Andrew Harnik/Getty Images. Суретте: Владимир Путин мен Дональд Трамп

АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату бойынша "елеулі прогреске" қол жеткізгенін мәлімдеді. Осыған байланысты ол өзінің арнайы өкілі Стив Уиткоффты Мәскеуге, Президент Владимир Путинмен кездесуге жіберуге тапсырма берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Вашингтон әзірлеген бастапқы 28 тармақтан тұратын бейбіт жоспар екі тараптың ұсыныстарымен толықтырылып, қазір тек бірнеше даулы тармақ қана қалғаны айтылды.

"Бейбіт жоспар бойынша жұмысты аяқтау үшін мен арнайы елшім Стив Уиткоффқа Мәскеуде Президент Путинмен кездесу тапсырдым. Ал армия министрі Дэн Дрисколл Украина өкілдерімен кездеседі", — деді Трамп.

Президенттің айтуынша, келіссөздер барысы жайлы оған вице-президент Джей Ди Вэнс, Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, Қорғаныс министрі Пит Хегсет және Ақ үй аппарат басшысы Сюзи Уайлс тұрақты түрде есеп беріп отырады.

Трамп сондай-ақ жақын уақытта Зеленскиймен де, Путинмен де жеке жүздесуге үмітті екенін айтты. Алайда бұл кездесулер "соғысты тоқтату жөніндегі келісім толық дайын болған немесе соңғы кезеңге шыққан кезде ғана" өтетінін ерекше атап өтті.

Тэгтер:

президент Дональд Трамп соғыс Владимир Путин