Күн сайын 137 қыз бен әйел жақындарының қолынан қаза табады

Бүгін, 13:14 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

БҰҰ-ның деректері бойынша, 2024 жылы серіктері немесе туыстары тарапынан зорлыққа ұшырап, 50 мың әйел мен қыз қаза тапқан. Бұл мәліметтер БҰҰ-ның есірткі және қылмыс мәселелері жөніндегі басқармасы мен «БҰҰ-Әйелдер» ұйымының жаңа баяндамасында келтірілген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өткен жылы 83 мың әйел мен қыз ойластырылған түрде өлтірілген, оның 60%-ы (яғни 50 мың) ең жақын адамдардың қолынан зардап шеккен — орта есеппен күн сайын 137 құрбан.

Салыстыру үшін: ер адамдар арасында бұл көрсеткіш тек 11% ғана.

«Үй көптеген әйелдер мен қыздар үшін қауіпті, кейде тіпті өлімге әкелетін орын болып қала береді», — деді БҰҰ Құқық қорғау басқармасының уақытша басшысы Джон Брандолино.

Ол жағдайдың жақсармағанын атап өтті. Серіктері немесе отбасы мүшелері тарапынан жасалатын фемицид деңгейі ең жоғары Африка елдерінде — 100 мың әйелге 3 жағдай. 

Қазақстанда да жағдай мәз емес. Күні кеше ғана елді тағы бір трагедия дүр сілкіндірді: Талғар ауданында әкесі өз қызын өлтірді. Ер адам 15 жасар қызына 16 рет пышақ салған.
 

Тэгтер:

зорлық-зомбылық бұұ әйел құрбан