Рютте Ресей–Украина қақтығысын осы жылдың соңына дейін аяқтауға болады деп санайды

Бүгін, 16:22 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

НАТО Бас хатшысы Марк Рюттенің айтуынша, Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты 2025 жылдың соңына дейін аяқтау мүмкін болмақ, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Женевадағы келіссөздерден кейін тағы кездесулер өткізу керек, сондай-ақ кейбір мәселелерді ЕО және НАТО-мен жеке, параллель талқылау қажет, – деді ол испандық El País басылымына берген сұхбатында.

Одан «қақтығыс осы жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін бе?» деп сұрағанда, Рютте: «Әрине», – деп жауап берді. «Болжау әрдайым қиын, бірақ мен шынында да жақын уақытта бейбітшілік орнайды деп үміттенемін», – деді ол. Сонымен бірге Рютте «бейбіт жоспар Ресейге Еуропа үшін ұзақмерзімді қауіп деген бағасын өзгертпейді» деп мәлімдеді.

АҚШ-тан PURL бағдарламасы бойынша қару сатып алып, оны Киевке беру мәселесін түсіндіре келе, Рютте соңғы бірнеше жылда Еуропа елдерінің үлесі үлкен болғанын, бірақ «кейбір мүмкіндіктерді тек АҚШ ұсына алады» дегенді айтты. «Президент Трамп бұл америкалық қаруды Канада мен еуропалық одақтастар қаржыландыратынына кепілдік беруге келісті. Украина ай сайын шамамен 1 млрд доллардың қаруын алып отыр», – деді ол. Оның айтуынша, жыл соңына қарай бұл сома 5 млрд долларға жетуі мүмкін.

Рютте Вашингтондағы саммитте «Украинаның НАТО-ға апарар жолы қайтымсыз» деп шешілгенін айтты. «Сонымен қатар АҚШ-ты қоса алғанда бірқатар одақтастар қазір Украина мүшелігіне қарсы екенін жеткізді», – деп нақтылады ол. Рюттенің айтуынша, «1949 жылғы Вашингтон шарты еуроатлантикалық аймақтағы кез келген елдің ұйымға қосылуына мүмкіндік береді», бірақ оған одақтастардың толық бірлігі қажет.

Тэгтер:

украина соғыс нато Марк Рютте