Елімізде бүгін жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Тек солтүстік пен шығыста ғана синоптиктер жаңбыр мен қар күтілетінін хабарлайды.
«Қазгидромет» мәліметінше, антициклон ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне алып келеді. Көптеген өңірлерде бүгін тұман түседі. Павлодар облысында, СҚО, ШҚО және Абай облыстарында жаңбыр, қар, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі.
▪️ Астанада күндіз 0 °C шамасында, жаңбыр мен қар. Түнде –4–6 °C, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы — 7–12 м/с.
▪️ Алматыда күндіз +12…+14 °C, түнде 0…+2 °C. Желдің жылдамдығы — 3–8 м/с.
▪️ Шымкентте күндіз +16…+18 °C, түнде +1…+3 °C. Желдің жылдамдығы — 3–8 м/с.