Ақ үй маңында атыс болып, екі әскери жараланды

Бүгін, 08:35 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Оқиға Ақ үйдің жанындағы саябақта болған. Күдікті ұсталды, ол ауыр жарақат алған. АҚШ Ұлттық гвардиясының екі жауынгері ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Fox News-тің мәліметінше, жергілікті билік пен полиция шабуылдың әдейі жасалғанын растаған. Гвардия қызметкерлері көшені патрульдеп жүрген кезде, күдікті бұрыш жақтан шығып, оларға оқ атқан. Ауданға жақын маңда болған басқа гвардияшылар атылған дыбысты естіп, күдіктіні ұстап, залалсыздандырған.

Алдын ала мәлімет бойынша, АҚШ ұлттық гвардиясына оқ атқан адам — Ауғанстан азаматы. Оның аты-жөні — Рахманулла Лаканвал. Ол АҚШ-қа 2021 жылы кірген. Билік бұл оқиғаны халықаралық терроризм актісі болуы мүмкін деп тергеуде.

Оқиға кезінде Флоридада болған Дональд Трамп күдіктіні «жыртқыш» деп атап, оның «өте ауыр жауап беретінін» мәлімдеді.

Атыстан кейін Ақ үй карантинге жабылды.
 

Тэгтер:

АҚШ атыс Ақ үй