Мүсінші Ербосын Мелдібековтің Қаңтар оқиғасы кезіндегі Талдықорған қаласындағы Н.Назарбаев ескерткішінің құлау сәтін бейнелеген "Автордың күйреуі. 30 жыл және 3 секунд" деп аталатын мүсіндер сериясы Ресейдің "Garage" жекеменшік өнер музейінің меншігіне өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Мүсінші Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорға қаласындағы Н.Назарбаев ескерткішінің құлатылған кезінің бес сәтін дәлдікпен бейнелейтін бес мүсін жасап, 2024 жылы өзінің жеке көрмесінде көпшілікке ұсынды. Мүсіндер сериясы көпшілікке ұнады. Бұл мүсіндер сериясын Талдықорғандағы сол ескерткіштің орнына немесе Алматыдағы бұрынғы президент резиденциясы аумағындағы саябаққа қойса, құба-құп болар еді. Сөйтіп бұл ескерткіш авторитор биліктің, жеке басқа табынудың ақыры қандай болатынын үнемі еске салып тұратын әрі қоғамның, жастардың көз алдында тұруы арқылы Қазақстанда авторитарлық билікке ешқашан жол бермеуге үндеп тұрар еді. Осылайша, тарихтан сабақ алу әрі ол қателікті болдырмаудың символына айналар еді.
Назарбаевтың ескерткіштері Қазақстанда әлі бар. Астанадағы саябақтардың бірінің ортасында орындықта отырған ескерткіші, Алматыдағы президент саябағы орталығында да ескерткіші бар. Қалалар да Назарбаев даңғылдары әлі тұр. Астана халықаралық әуежайы да экс-президенттің атында. Ал біз қаңтардан сабақ алдық па?