Жел, тұман. 28 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 08:08 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

«Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тек республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауып, кей жерлерде бұрқасын болуы мүмкін.

Ел бойынша сондай-ақ тұман түсіп, желдің күшеюі болжанады.

▪️ Астанада ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде −4–6 °C, күндіз −1–3 °C.
▪️ Алматыда ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 0...+2 °C, күндіз +11–13 °C.
▪️ Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 0...−2 °C, күндіз +16–18 °C.

Тэгтер:

қар ауа райы тұман жел