Ұлытау облысының тұрғындары Жезқазғаннан 36 шақырым қашықтықтан «Союз МС-28» зымыранының сынығын тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Индустрия және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, бұл – бірінші сатының бөлшегі. Ол елді мекендерден алыс, Ұлытау өңірінде арнайы белгіленген ауданға құлаған.
«Оқиға орнында «Роскосмос» мамандары және Қазақстан мен Ресей экологтары жұмыс істеп жатыр. Өлшеулер жүргізіліп, сынамалар алынуда. Алдын ала дерек бойынша, экологияға зиян анықталған жоқ», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Зымыран қауіпсіз отын – керосин мен сұйық оттегін қолданады, ал сынықтар радиациялық, химиялық немесе биологиялық қауіп тудырмайды.