Путин Ушаков пен Стивен Уиткофф арасындағы әңгімеге қатысты пікір білдірді

Бүгін, 12:49 / Қайсар Қалам
Сурет: Кремль сайтынан

Ресей президенті Владимир Путин өзінің көмекшісі Юрий Ушаков пен АҚШ басшысының арнайы елшісі Стивен Уиткофф арасындағы әңгіме жарияланғаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Бұл ақпараттық ағындар, мүмкін, фейктер немесе шын мәнінде тыңдалған әңгімелер болуы мүмкін», — деді ол.

Сондай-ақ, Путин Ресейде телефон әңгімелерін тыңдау қылмыстық жазаға әкеп соғатынын атап өтті. «Тыңдауға болмайды», — деді саясаткер.

Ресей басшысы Уиткоффқа қатысты «Ресей үшін жұмыс істеді» деген айыптауларды негізсіз деп санайды.
 

Тэгтер:

Путин Юрий Ушаков Стивен Уиткофф