Қорғаныс министрлігі үндеу жасады

29 қараша, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: министрлік

Қорғаныс министрлігі желтоқсан айының басында әскер жоғары дайындыққа келтірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қорғаныс министрлігі жаңа оқу жылының басталуына орай еліміздің Қарулы Күштерінде жоспарлы жаттығулар басталатынын хабарлады. Ведомство мәліметінше, желтоқсан айының алғашқы күндерінде барлық әскери бөлімдер оқу дабылы бойынша жоғары деңгейдегі жауынгерлік дайындыққа келтіріледі.

Осыдан кейін бөлімдер оқу полигондары мен оқу орталықтарына жоспарлы марштар жасайды. 

Жекелеген бөлімшелер кешенді жауынгерлік дайындық сабақтары өтетін орындарға әуе, теміржол және автокөлік көлігімен жеткізіледі.

Аталған кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңірлердегі жолдардың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысын уақытша шектеу мүмкін екенін ескертеміз.

Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп,  тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырамыз.
 

Тэгтер:

Қорғаныс министрлігі оқу-жаттығу дайындық