СІМ Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады

30 қараша, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

ҚР Сыртқы істер министрлігі Новороссийск теңіз порты акваториясында халықаралық Каспий құбыр консорциумының аса маңызды инфрақұрылымына бағытталған кезекті мақсатты шабуылға байланысты наразылық білдіретіндерін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Бұл оқиға халықаралық құқық нормаларымен қорғалатын азаматтық нысанға қарсы жасалған үшінші агрессиялық акті болып отыр. Жаһандық энергетикалық нарықтың жауапты қатысушысы ретінде Қазақстан энергия ресурстарын тұрақты әрі үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге ерекше мән береді. Каспий құбыр консорциумы әлемдік энергетикалық жүйенің тұрақтылығын сақтауда айрықша орын алатынын атап өтеміз», - деп мәлімдеді СІМ. 

Сондай-ақ, осы оқиғаны Қазақстан Республикасы мен Украинаның екіжақты қатынастарына залал келтіретін әрекет ретінде бағалаймыз және украин тарапы мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдайтынын күтеміз, деп қосты СІМ.
 

Тэгтер:

мұнай ктк украина СІМ