Жетісайдағы өртте зардап шеккен 7 жасар қыз көз жұмды

Бүгін, 16:49 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қарқынды терапия, салалық мамандардың кеңестері және толық көлемде жасалған реанимациялық іс-шараларға қарамастан, жүрек жұмысын қалпына келтіру мүмкін болмаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Еске салайық, 18 қараша күні таңертең Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылында тұрғын үйде ірі өрт шыққан еді. Ресми мәлімет бойынша, өрттен 12 адам қаза тапты. 

Полицияның мәлімдеуінше, бұған дейін отбасы сүндет тойын атап өткен. Әуелі той мейрамханада өтіп, кейін туыстар оны үйде жалғастырған.
 

Тэгтер:

бала өлімі ТЖД Жетісайдағы өрт