«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.
Республика бойынша синоптиктер желдің күшеюін, тұман мен көктайғақты болжап отыр. 16 аймақта дауылды ескерту жарияланған.
▪️ Астанада — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде −1…−3 °C, күндіз 0…+2 °C.
▪️ Алматыда — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде −1…−3 °C, күндіз +7…+9 °C.
▪️ Шымкентте — бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде −3…−5 °C, күндіз +11…+13 °C.