Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы Қайрат Сатыбалдыға тиесілі «Байсат» базары қайта саудаға шығарылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС электрондық платформа sauda.e-qazyna.kz (2-нұсқа) арқылы «Көтерме және бөлшек сауда орталығы» ЖШС акциясын қайта аукционға қою туралы хабарлайды, – делінген компанияның баспасөз қызметі.
Қазіргі бастапқы баға – 26 706 317 643 теңге.
Айта кетейік, Сатыбалды базары алғашқы рет қыркүйекте саудаға шығарылған болатын. Сол кезде бастапқы бағасы 28 639 882 000 теңге болған.