Жәнібек Әлімханұлы допинг қолданды деген күдікке ілінді

Бүгін, 09:24 / Қайсар Қалам
Сурет: Twitter / Janibek Alimkhanuly

Қазақстандық WBO және IBF әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг-тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Arasha.kz сайты The Ring басылымына сілтеме жасап.

«Жәнібек Әлімханұлынан VADA тестінен кейін тыйым салынған препаратқа қатысты қолайсыз талдау нәтижесі (adverse analytical finding) анықталды, деп хабарлады The Ring.

Жәнібек пен Эрисланди Лара арасындағы сенбіге жоспарланған біріктіруші жекпе-жек үлкен қауіп алдында тұр. Ерлер арасындағы ең жасы үлкен қазіргі әлем чемпионы саналатын Лара WBA белбеуін басқа қарсыласқа қарсы қорғауы мүмкін екені де айтылды.

Айта кетейік, орта салмақтағы үш әлем чемпионы атағы үшін өтетін біріктіруші жекпе-жек Әлімханұлы мен Лара арасында 7 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штаты Сан-Антонио қаласындағы Frost Bank Center аренасында өтуі тиіс.
 

Тэгтер:

бокс допинг Жәнібек Әлімханұлы Эрисланди Лара