Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағына қатысты тергеу соңғы кезең тұр, деп мәлімдеді Қазақстанның вице-премьері Қанат Бозымбаев.
«Көлік министрлігі тергеудің аяқталу кезеңінде. Қазір лицензия иелерінен немесе технология иелерінен, аэронавигациялық құралдар бойынша соңғы қорытындыны күтіп отырмыз. Негізінен, тергеуді аяқтауға дайынбыз. Мүмкін, биыл, немесе келесі жылдың басында аяқталуы мүмкін», — деді Бозымбаев Мәжіліс кулуарында.
Вице-премьердің айтуынша, тергеу екі бөлікке бөлінеді. Бас прокуратура қылмыстық бөлігін Ресей тарапымен бірлесіп жүргізіп жатыр.
«Бас прокуратура жүргізіп жатқан бөлік бойынша да жұмыс жүріп жатыр, көрші ел басшыларының түрлі мәлімдемелерін де көрдіңіздер. Сондықтан келесі жылы ол бөлім де аяқталады деп үміттенеміз», — деді ол.
Еске салайық, 9 қазанда Ресей президенті Владимир Путин Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines ұшағы үшін Ресей тарапының жауапкершілігін мойындаған болатын.