Рахат Бекболат әлем рекордын орнатты.

19 ақпан, 2020 / Arasha.kz

Он алты жастағы қазақ баласы, зілтемірші Рахат Бекболат Ташкентте өткен жасөспірімдер арасындағы Азияда чемпионатында әлем рекордын орнатты. 

Рахат қос сайыста 356 кг (158+198) көтеріп, 17 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында чемпион атанды. Және жұлқа көтеруде жасөспірімдер ішінде әлем рекордсмені болды.