Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірім анасын өлтіріп тастады

Бүгін, 16:27 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірім анасын өлтіріп, әжесін жаралаған. Жеткіншек құмар ойындарға тәуелді болған көрінеді, деп хабарлайды Arasha.kz сайты ZTB News телеграм арнасына сілтеме жасап.

Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ақтөбе қаласының полиция басқармасының кезекші бөліміне қаладағы пәтерлердің бірінде аса ауыр қылмыс жасалғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен жедел топ әйел адамның зорлықпен өлтірілген денесін тапты. Сондай-ақ сол пәтерден пышақ жарақаттары бар қарт әйел медициналық мекемеге жеткізілді», — деп мәлімдеді полиция департаменті.

Күдікті өз кінәсін мойындаған. Қазір тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.
 

Тэгтер:

қылмыс жасөспірім Ақтөбе